«МАНАоКО» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен ресми түрде танылған.

Аккредитация мифсіз: балабақшаның шынайы тәжірибесі

ПОДКАСТТАР
Шығарылымның өзегінде — «Қарлығаш» балабақшаларының аккредиттеуден өту тәжірибесі, алаңдаушылықтар туралы ашық әңгіме, дайындық барысындағы қиындықтар, сарапшылардың сыртқы сапары және аккредиттелген мәртебе алғаннан кейінгі алғашқы басқарушылық өзгерістер қамтылған.
Шығарылымда келесі мәселелер талқыланады:

  • балабақшаға аккредиттеу не үшін қажет және оның артында шын мәнінде не жатыр;
  • дайындық кезеңі қалай өтеді және қандай қиындықтар туындайды;
  • ұйымдар жиі жіберетін қателіктер қандай;
  • сарапшылардың сыртқы сапары қалай өтеді және неге бұл «жазалау тексерісі» емес;
  • аккредиттелген ұйым мәртебесін алғаннан кейін қандай нақты өзгерістер болады;
  • аккредиттеуді жоспарлап отырған басшыларға арналған практикалық ұсынымдар.
Аккредиттеу — бұл жазалау тексерісі де, формалды рәсім де емес, керісінше басқарушылық кемелдіктің, кәсіби рефлексияның және ұйымның ұзақ мерзімді дамуының құралы екеніне ерекше назар аударылды. Шығарылымда кәсіпорын басшысы Гүлшат Онланбекқызының ұстанымы, сондай-ақ «МАНАоКО» аккредиттеу агенттігінің сараптамалық пікірі ұсынылады. Онда аккредиттеуді жоспарлап отырған ұйымдар жиі жіберетін қателіктер мен практикалық ұсынымдар кеңінен талқыланады.

Подкаст жүйелі даму мен білім беру саласында орнықты сапа мәдениетін қалыптастыруға мүдделі білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтерге және сарапшыларға арналған.
Стратегиялық ақпараттық серіктес ретінде бас редакторы Ляззат ТУРКЕСТАНОВА жетекшілік ететін «Білімді Ел – Образованная страна» газетінің ресурсы қатысады. Аталған басылым ел көлеміндегі сарапшыларды, басқарушыларды және білім беру саласының көшбасшыларын біріктіріп, білім сапасын қамтамасыз ету жүйесінің өзекті мәселелерін, стратегиялық даму бағыттарын және мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы басқарушылық шешімдерді ашық талқылауға алаң қалыптастырады.

https://www.facebook.com/share/1EaAt226TV/?mibextid=wwXIfr
Made on
Tilda