Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық тамыз конференциясына қатысуы игі дәстүрге айналды.
Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Шараның ашылуында Мемлекет басшысы білімнің ел өркендеуінің берік іргетасы, қауіпсіздіктің кепілі, адами капиталды дамытудың негізі және өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы педагог қауымының айрықша миссиясы екенін тағы да ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Президент еліміздің білім беру жүйесінің алдында тұрған өзекті сын-қатерлерге тоқталды.
Конференцияның мақсаты – уақыт талабына сай жоғары адамгершілік, кәсіби құзыреттілік және әлеуметтік жауапкершілікке ие тұлғаны қалыптастыра алатын білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағын айқындау.
Форум бағдарламасында оқу үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізуге арналған ауқымды көрме ұсынылды. Қатысушыларға заманауи цифрлық құралдар, интерактивті платформалар, әдістемелік әзірлемелер және икемді әрі тиімді оқытудың жаңа көкжиектерін ашатын инновациялық технологиялар таныстырылды.
Конференция аясында еліміздің барлық өңірлерінен келген 3000-нан астам білім беру саласының өкілдерінің қатысуымен 25 панельдік сессия өтуде. Залда шабыт пен идея алмасу рухы сезілді – жетекші педагогтар, басшылар және сарапшылар жаңа оқу жылының басымдықтарын талқылады.
Бұл іс-шара қатысушыларға жеке жүздесіп, конструктивті пікір алмасуға мүмкіндік берді. Конференция барысында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Майра Тұрғанбайқызы Мелдебековамен және «Астана» халықаралық университетінің президенті Серік Азтаевич Ирсалиевпен білім беруді дамыту жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.