«МАНАоКО» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен ресми түрде танылған.

Тексеру ғана емес, өсудің жолы: Көкшетауда өткен алқадағы «MANAoCO» үндеуі

КЕЗДЕСУЛЕР
2025 жылдың 18 маусымында Көкшетау қаласындағы «Қазақ елі» қалалық этноорталығында 2024–2025 оқу жылының аяқталуына арналған «Оқу-тәрбие үдерісін басқаруды бақылау арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында білім бөлімі алқасының отырысы өтті. Іс-шараға мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, оқу және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, әдіскерлер мен қосымша білім беру жүйесінің өкілдері қатысты.
Жиынды Көкшетау қаласының білім бөлімінің басшысы Айгерім Болатқызы Қошанова ашты. Ол 2020–2025 жылдарға арналған Білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының негізгі нәтижелерін және алдағы оқу жылындағы жұмыс бағыттарын атап өтті. Білім беру үдерісінің сапасын тұрақты түрде арттыру тиімді менеджмент пен жүйелі бағалаусыз мүмкін еместігі ерекше атап өтілді.
Институционалдық аккредиттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл тақырып бойынша «MANAoCO» Білім беру сапасын тәуелсіз аккредиттеу және бағалау жөніндегі халықаралық агенттігінің директоры Гүлнара Күсіденова баяндама жасап, білім сапасын бағалаудың жаңа моделіндегі аккредиттеудің рөлін атап өтті.
Made on
Tilda