Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен өңірлік кеңесте біз мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің аккредитациялау мәселелерін талқыладық.
Іс-шара жаңа жайлы №52 мектеп базасында Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Сафуллин Елдос Набиоллаұлының қолдауымен ұйымдастырылды. Әріптесіміз, Педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор - Бахишева Светлана Мендығалиевнаға, облыстың педагогикалық ұжымына және Білім басқармасы басшылығына шақыртуы, жылы қабылдауы мен кәсіби пікір алмасуға арналған алаң ұсынғаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіремін. Әсіресе мемлекеттік мектептердің аккредиттеуден өтуге қызығушылығын және Батыс Қазақстан облысының салалық басқармасының мұндай мектептердің бастамаларын қолдауға дайындығын ерекше атап өткіміз келеді. Орта және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде білім беру сапасын арттыру мен білім беру ұйымдарына деген сенімді нығайтуға бағытталған маңызды құрал ретінде аккредиттеуді белсенді түрде енгізеді деп үміттенеміз.