Өткен Республикалық форумда «MANAoCO» Халықаралық тәуелсіз аккредиттеу және білім беру сапасын бағалау агенттігінің академиялық үйлестірушісі Лаззат Булебаева «Аккредиттеу жүйесі арқылы мектепке дейінгі ұйымдардың өсу перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
🔹 Баяндамада мектепке дейінгі білім беру сапасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі аспектілері қарастырылды, атап айтқанда: институционалдық аккредиттеудің құқықтық негіздері, мемлекеттік аттестаттау мен тәуелсіз аккредиттеуді салыстыру, мектепке дейінгі ұйымдарда сапа мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы, жеті бағыт бойынша аккредиттеу стандарттары: көшбасшылық пен басқарудан бастап, ата-аналармен өзара іс-қимыл және тәрбиеленушілердің жетістіктерін бағалауға дейін.