«МАНАоКО» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен ресми түрде танылған.

Сапалы білім беру туралы диалог

2025-05-03 00:00 ЖАҢАЛЫҚТАР
Сапалы білім беру туралы диалог
«Жания Аубакирова Авторлық мектебі» базасында жылы әрі кәсіби атмосферада Халықаралық тәуелсіз аккредиттеу және білім сапасын бағалау агенттігі (MANAoCO) ашық презентациясын өткізді.
https://www.instagram.com/aubakirova.school?igsh=NDRoaGY2Nnpja2pt
Іс-шара орта білім беру саласында сапа мәдениетін дамытуға және тәуелсіз аккредитацияға мүдделі Алматы қаласындағы жекеменшік мектеп өкілдерін біріктірді.
«Жания Аубакирова Авторлық мектебі» басшылығы мен педагогикалық ұжымының серіктестік қолдауының арқасында іс-шара жай ғана презентация емес, білім беру үдерістерін жетілдіруге шынайы қызығушылықпен өткен сұхбатқа, пікір алмасуға және сұрақтар қойылған шынайы кездесу болды.
Кездесудің негізгі мақсаты – білім сапасын қамтамасыз ету мен бағалаудың негізгі құралдарының бірі болып табылатын институционалдық аккредитацияның рәсімдерімен, критерийлерімен және стандарттарымен танысу болды.
"MANAoCO" «Жәния Әубәкірова Авторлық мектебіне» ұсынылған алаң, техникалық және ұйымдастырушылық қолдау үшін алғысын білдіреді, сондай-ақ аккредитация тақырыбын орта білім беру жүйесінде талқылауға алғашқылардың бірі болып қызығушылық танытқан Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының жекеменшік мектептеріне ризашылығын білдіреді.