«Шортанның бұйрығымен...»
"MANAOKO" аккредиттеу агенттігі Ақмола облысының мектеп директорлары мен мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілерімен кездесу-семинар өткізді. Іс-шара көрікті Щучинск қаласында өтіп, өңірдің педагогикалық көшбасшыларын біріктірді.
Семинарда мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу бойынша құқықтық аспектілер, аккредиттеу стандарттары және оларды мектепке дейінгі және орта білім беруді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер контексінде негіздеу мәселелері ұсынылды.
Практикалық семинар барысында қатысушылар аккредиттеу стандарттарының әртүрлі аспектілері бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, білім беру ұйымдарының басшылары ретінде аккредиттеу құралына көшу тиімділігі туралы рефлексия жасады.
