МАНАоCОбілім беру ұйымдарының сапасын бағалау және белгіленген стандарттарға сәйкестігін тексеру бойынша кең ауқымды қызметтер ұсынады.
Білім беру ұйымдарын аккредиттеу
Бастапқы аккредитация Білім беру ұйымдарының алғашқы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін бағалау және растау.
Реаккредитация Аккредитация мерзімі аяқталғаннан кейін білім беру ұйымдарының стандарттарға сәйкестігін растау үшін тұрақты бағалау.
Аудит және инспекция Білім беру бағдарламалары мен басқару процестерінің сапасын бағалау үшін тәуелсіз инспекциялар жүргізу.
Аккредиттеу стандарттарын әзірлеу және жаңарту
Жаңа стандарттарды әзірлеу Халықаралық тәжірибе мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, аккредиттеу стандарттарын әзірлеу.
Қолданыстағы стандарттарды жаңарту Заңнамалық өзгерістер, нарық талаптары және әлемдік үздік тәжірибелер негізінде стандарттарды қайта қарау және жаңарту.
Консультациялық қызметтер
Аккредитацияға дайындық Білім беру ұйымдарын аккредиттеу процесіне дайындық мәселелері бойынша кеңес беру.
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу Аккредитациялық талаптар негізінде ішкі стандарттар мен процедураларды әзірлеуге көмек көрсету.
Қызметкерлерді оқыту Білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне аккредиттеу мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу.
Аккредиттелген ұйымдарды кешенді мониторингтеу және сүйемелдеу
Сәйкестікті сақтау бойынша мониторингі Аккредиттелген ұйымдардың аккредиттеу талаптарына сәйкестігін растау үшін олардың қызметін тұрақты түрде бақылау.
Түзету шаралары Мониторинг барысында анықталған сәйкессіздіктерді жақсарту және жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Ақпаратты әзірлеу және жариялау
Есептер мен жарияланымдар Аккредитация нәтижелері мен білім беру сапасының жағдайы туралы аналитикалық есептердің жариялануы.
Ақпараттық ресурстар Әдістемелік материалдар, нұсқаулықтар мен ұсыныстарды әзірлеу және тарату.
Серіктестік және ынтымақтастық
Халықаралық аккредиттеу агенттіктерімен ынтымақтастықты орнату. Халықаралық конференциялар мен форумдарды ұйымдастыру және қатысу. Халықаралық білім беру ұйымдарымен серіктестікті ұйымдастыру. Сарапшыларды тарту және қызметкерлерді оқыту, бірлескен зерттеулер жүргізу және жарияланымдар жасау. Халықаралық инвестициялар мен гранттарды тарту. Аймақтық ынтымақтастық платформаларын құру.